Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің онлайн отырысында премьер министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.
Оның айтуынша, Үкімет облыстардағы эпидемиологиялық жағдайда бақылауда ұстап отыр. Аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайларды тұрақтандыру үшін бірқатар шара қолға алынуы тиіс.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары шектеу және алдын алу шараларын күшейту қажет. Сонымен қатар "қызыл аймақта" орналасқан өңірлер және олармен шектесетін облыстар да вирустық инфекцияның таларлмауының алдын алу бойынша жұмыстарды күшейту қажет. Барлық әкімдіктер халық арасында вакцинацияның маңыздылығы туралы ақпараттық-насихаттық шараларды атқарулары қажет.
Осы мәселелерді ескеріп біз өңірлерге жеткізілетін вакцина дозаларын көбейту жөнінде шешім қабылдадық. Осы айда қалалар бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары үшін дозалар арттырылды. Мысалы Шымкент қаласына 172 мың доза вакцина бөлінеді. Осылайша жұмысты ары қарай жалғастыра береміз. Әкімдіктер алдын алу шаралары кезінде ауылдық жерлерді толықтай қамтулары тиіс, - деді ол.
Оның айтуынша, халықты вакцинациялау бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіледі. Вакцинациялау үшін мобильдік пункттер жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар Президент тапсырмасына орай халық арасында вакцинанцияны насихаттау бойынша жұмыстар жалғасын табады.