Ауылдардағы денсаулық сақтау мәселесі депутаттардың бақылауында

6 Қаңтар 2025, 18:26
304
Бөлісу:
Ауылдардағы денсаулық сақтау мәселесі депутаттардың бақылауында
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты, АМАNАТ партиясы фракциясының мүшесі Гүлдара Нурумова Байзақ ауданы Қызыл Жұлдыз ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәжілістің хабарлауынша, 60 емделушіге арналған медициналық мекеме AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынған. Мұнда 3 дәрігер, 13 орта медицина қызметкері және бір психолог жұмыс істейді. Аталған амбулатория ауылдағы 5 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді.

Ауылдардағы денсаулық сақтау мәселесі депутаттардың бақылауында

Гүлдара Нұрымова ауылдағы дәрігер тапшылығы мәселесін шешу үшін ауылды жерлерге көшіп келген мамандарға 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы төленетінін атап өтті. Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заңға енгізілген бұл норма AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған.

Ауылдардағы денсаулық сақтау мәселесі депутаттардың бақылауында

Мемлекет денсаулық сақтау саласына үнемі ерекше көңіл бөледі. Биыл дәрігерлерді қорғауға, олардың мәртебесін көтеруге бағытталған сапалы жаңа заң күшіне енді. Бірқатар әлеуметтік кепілдіктер енгізіліп, құқықтық қорғау күшейтілді. Атап айтқанда, мектепке дейінгі ұйымдарда медицина қызметкерлерінің балаларына бірінші кезекте орын беріледі, басы артық есеп беру мәселесі қысқартылады, дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігі сақтандырылады және басқа да өзгерістер бар. Медициналық жоғары оқу орындарының жас түлектері олардың көмегі адамдарға шынымен де қажет екенін және мемлекет тарапынан жасалатын қолдау шаралары дәл осыған бағытталғанын анық түсінуге тиіс, – деді депутат.

Ауылдардағы денсаулық сақтау мәселесі депутаттардың бақылауында

Айта кетейік, былтыр Жамбыл облысында партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында 20 медициналық нысан пайдалануға беріліп, екі емханаға күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. 18 бірлік медициналық диагностикалық техника (томографтар, УДЗ аппараттары және т.б.), 38 санитарлық көлік сатып алынды. Бұл қадамдар ерте диагностиканы жақсартуға, жедел жәрдем жұмысының сапасын және ауылды жерлерде медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Ауылдардағы денсаулық сақтау мәселесі депутаттардың бақылауында

Биыл өңірде партияның сайлауалды бағдарламасы аясында Байзақ, Қордай және Сарысу аудандарындағы аудандық ауруханаларды қоса алғанда, 7 медициналық нысанның құрылыс жұмысы басталады. Сондай-ақ Таразда туберкулезбен және өкпенің өзге де ауруларымен ауыратын балаларға арналған перинаталдық орталық, жедел медициналық жәрдем станциясын және мамандандырылған санаторий ашу жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, 5 қаңтарда Мәжіліс депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары басталды. Депутаттар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, еңбек ұжымдарында кездесулер өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Сонымен қатар олар сайлаушыларға қабылданған заңнамалық өзгерістер туралы ақпарат беріп, мәселелерін тыңдайды. Өңірлерде сайлаушылар көтерген ең өзекті мәселелерді шешу Мәжілістің жалпы отырыстарының бірінде Үкіметпен бірлесіп қаралады.

Өзгелердің жаңалығы