Ауылдағы балаларға екпе салу туралы жалған ақпарат тарады

19 Қазан 2021, 18:34
7305
Бөлісу:
Ауылдағы балаларға екпе салу туралы жалған ақпарат тарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазнет қолданушылары елімізде балаларды КВИ-ға қарсы вакцинациялауды ауылдық округтерден бастау жоспарланып отырғаны туралы хабарлама таратуда. Бұл туралы Stopfake.kz сайты хабарлады.

Ауыл тұрғындары иммундауға арналған препараттар мен олардың жанама әсерлері туралы ештеңе білмейді, сондықтан осындай шешім қабылданған екен. Бұл мәлімдеме жалған.

Ауылдағы балаларға екпе салу туралы жалған ақпарат тарады

Денсаулық сақтау министрлігі мұндай вакцинациялау жоспарлары туралы ақпаратты жоққа шығарды.

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі күні 12 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат етілген Pfizer/BioNTech вакцинасы Қазақстанға әкелінбеген. Балаларды вакцинациялау жоспары да жоқ. Балаларды вакцинациялау ата-аналардың ақпараттандырылған келісімі боа ғана жүргізіледі және баланың тұрғылықты жеріне байланысты болмайды, – деп хабарлады ведомстводан.


Өзгелердің жаңалығы