Ауылда тудың, бірақ ауыл үшін не істедің? Әуесбаев Дайрабаевтың сұрағына жауап берді

11 Қараша 2022, 21:17
1331
Бөлісу:
Ауылда тудың, бірақ ауыл үшін не істедің? Әуесбаев Дайрабаевтың сұрағына жауап берді

ҚР президенттігіне кандидаттар пікірталастың екінші кезеңін бастады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Нұрлан бауырым, мен енді өңірлерді көп аралап жүрмін. Сізде шамаңыз келгенше аралап жүрсіз. Бірақ кездескен адамдардан бұл кісілердің партиясының бар-жоғын естіген жоқпын. Нұрлан ауылда туып-өскенімен, ауыл үшін не істегенін білгім келеді?, - деп сұрағын қойды Жигули Дайрабаев.

Нұрлан Әуесбаев қарсыласына: 

Сіз білмеймін дейсіз, бірақ біздің партия - Еуропадағы ұжымдық демократиялық бірлестіктің құрамына енетін бірден бір демократиялық партия. Екіншіден, біздің партия ешқашан үнсіз қалған емес. Қандай да бір саяси жағдай болғанда, біз үн қатамыз. Пандемия кезеңінде, Парламенттік партиялар үнсіз қалған кезде біз міндетті вакицинация  бойынша Үкіметке хат жазып, мәселені шешкенбіз. Сол сияқты ауыл шаруашылығы жерлері сатылады деген кезде осыған қарсы арнайы хат ұйымдастырып, бүкіл партиямызбен соған қарсы шықтық. Біздің партия елдің тағдырын шешетін мәселелермен айналысады, - деді жауап берді үміткер.

Еске салайық, қазір тікелей эфирде ҚР президенттігіне кандидаттардың теледебаты өтіп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы