Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Майра Айсина "Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі - қолдау бағыттарын анықтау және кедергілерді еңсеру" дөңгелек үстелі барысында айтты.
Біз "Ауыл-ел бесігі". Ал бесікті тербететін әйел. Ауыл шаруашылығы саласында әлі де қордаланған мәселе баршылық. Оны әйелдердің әлеуетін пайдалану арқылы неге шешпеске деп ойладық. Тәжірибе көрсеткендей, әйелдердің 31%-ы өз кәсібін дөңгелетіп жүр. Алайда сауалнама көрсеткендей, бизнес ашуға күмәнданатын нәзік жандылар да баршылық, - деді Айсина.
Ол атап өткендей, мемлекеттен болсын, жеке сектордан болсын әйелдерге қолдау көрсетуді арттыра беру маңызды.
Егер әйелдер жұмыс орындарын құруға қатысса және бұл процесс барлық кезеңде жан-жақты қолдау мен қызметті сүйемелдейтін болса, онда бұл елдің әлеуметтік экономикасы мен ЖІӨ өсуіне оң әсер етеді. Нәтижесінде біз кәсіпкерлік белсенділіктің өсуін және әйелдердің әлеуметтік көңіл – күйінің жақсаруын куә боламыз - бірақ бұл үшін мемлекеттік ауқымда ауылда бизнесті бастау үшін бар кедергілерді азайтуға бағытталған шаралар кешені шешілуі тиіс, - деп түсіндірді Қазақстан ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Майра Айсина.