Ауыл жастары арасында жаппай көкпар өтті

22 Желтоқсан 2022, 16:39
3082
Бөлісу:
Ауыл жастары арасында жаппай көкпар өтті

Мақтаарал ауданы Абай ауылының белсенді азаматтарының ұйымдастыруымен және аудандық жастар орталығының қолдауымен ауыл жастары арасында дүбірлі көкпар жарысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай ауылының тумалары Қойгелдиев Нұржан, Сейдиев Досбол, Әлімбетов Жанпейіс, Дүйсенов Асан, Арызқұлов Фархат және бір топ ауыл азаматтарының мұрындық болуымен өткен додаға көрші ауылдар мен аудан көлемінде басқа да ауылдардан жас шабандоздар қатысты. 

Көкпар – жаужүрек бабаларымыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі, ұлттық құндылығымыз. Сондықтан, ұлттық спорттың дамуы - рухани байлығымыздың дамығаны деп білеміз. Бүгінгі күні аудан аумағында ұлттық спорт әлеуеті даму үстінде, оған дәлел бүгінгі ауыл жастары арасындағы - көкпар жарысы - деді, ұйымдастырушылар.

Көкпардың өтуіне ауданның, облыстың халық қалаулылары да үлес қосты.  "Ат – ердің қанаты" демекші, көкпар десе қаны қызбайтын қазақ жоқ. Жас шабандоздардың көкпар тартысқанын тамашалау үшін еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін шаршы алаңға жиналды. 

Ойынның басында Қуантай, Өскенбай және бірнеше ауыл ақсақалдары баталарын беріп, додаға түсуші жас шабандоздарға сәттілік тіледі.

Өзгелердің жаңалығы