Ауыл VS Қала: Тұрғындар қандай скринингтерден өтуі тиіс?

10 Сәуір 2023, 21:35
682
Бөлісу:
Ауыл VS Қала: Тұрғындар қандай скринингтерден өтуі тиіс?
Фото: inform.kz

Медициналық сақтандыру қоры қала және ауыл тұрғындары емханада қандай скринингтік тексерулерден өте алатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала тұрғындары үшін келесі скринингтер жүргізіледі:

30 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдерге артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы, мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау үшін

Ауыл тұрғындарына келесі скринингтер жүргізіледі:

18 бен 29 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау үшін;

18 бен 29 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге қант диабетін ерте анықтау үшін;

18 бен 29 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге глаукоманы ерте анықтау үшін;

18 бен 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге асқазан-ішек жолдарының ауруларын ерте анықтау үшін;

18 бен 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге созылмалы бүйрек ауруларын ерте анықтау үшін;

50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдерге тыныс алу органдарының ауруларын ерте анықтау үшін;

55 пен 70 жас аралығындағы ер адамдарға қуық асты безінің қатерлі ісігін ерте анықтау үшін.

Өзгелердің жаңалығы