Ауыл тұрғындары депутатқа ауыз суға қатысты шағымын айтты

20 Тамыз 2024, 18:30
485
Бөлісу:
Ауыл тұрғындары депутатқа ауыз суға қатысты шағымын айтты
PHOTO
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Алматы облысының Тұрар ауылына жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаевқа жергілікті тұрғандар ауыз судың жоқтығын айтып, шағымданды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысынан 40 шақырым жерде орналасқан Қарасай ауданының Тұрар ауылы үшін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді.

Белсенділердің айтуынша, жаңа құбыр бірнеше жыл бұрын жүргізілген. Бірақ суды тікелей тұрғын үйлерге жеткізу үшін жаңа мердігер тұрғындардың өздерінен ақша сұраған.

Ауыл тұрғындары депутатқа ауыз суға қатысты шағымын айтты

Жаз маусымы басталғанда бұл мәселені «Ақ жол» партиясының Алматы филиалының басшысы Мейраш Шынасилов бірнеше мәрте көтерген еді, алайда депутат Ержан Бейсембаевтың сапары аталған мәселенің шешілуіне ықпал етті. Депутаттың айтуынша, барлық үй ауыз суға тегін қол жеткізе алады.

Бұл мәселе мемлекеттің бақылауына алынады. Тұрғындар үшін әкімдікке өтінім беріп, кезекке тұрып, күту қажет болады. Ешкімге ештеңе төлеудің қажеті жоқ – бұл тек уақыт мәселесі, – деді мәжілісмен.

Ауыл тұрғындары депутатқа ауыз суға қатысты шағымын айтты

Кездесу барысында Ержан Бейсенбаев одан әрі жөндеуді қажет ететін ауылдық амбулаторияға және жергілікті мектепке барды.

Өзгелердің жаңалығы