Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев өз жұмысына қаншалықты көңілі толады? Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында жауап берді, деп жазды BAQ.KZ тілшісі.
2021 жылдың бірінші қыркүйегінде сіздің Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалғаныңызға бір жыл толады. Бір жылдың ішінде біраз істерді қолға алдыңыздар. Сізді мақтап жатқандар да, даттап жатқандар да бар. Осы жылдың ішінде алға қойған жоспарыңызды қаншалықты орындай алдыңыз? Жұмысыңызға көңіліңіз тола ма? - деп сұрақ қойды журналист.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қаңтар айына дейін өз жұмысын қорытындыламайтынын меңзеді.
Бір жыл ішінде біраз жұмыс атқарылды. Қаңтар айына дейін аман-есен жетсек, сол кезде арнайы сұхбат беріп, арнайы ақпарат беретін боламыз. Қазір уақыт шектеулі, - деді Ауыл шаруашылығы министрі.