Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ауыл шаруашылығы саласына жасанды интеллект енгізілмек

Жансая ҚАМБАР
2 Желтоқсан 2025, 11:01
300
Бөлісу:
 - архив
Фото: - архив

“E-АПК” бірыңғай платформасы аясында цифрлық технологияларды енгізу жұмысы жалғастырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аталған платформа субсидиялау, жер ресурстарын басқару, өсімдік және мал шаруашылығы, қайта өңдеу өнімдерінің қадағалануын бірыңғай цифрлық контурда біріктіреді. Бұл барлық қолданыстағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын деректерді “Дата Лейк” орталық қоймасына шоғырландыру арқылы жүзеге асырылады, - деді ол.

Сапаров жүйеге жасанды интеллект элементтері де енгізілетінін атады.

Цифрлық технологияларды енгізу мәселесі бойынша бүгінгі күні 648 кәсіпорын цифрлық құралдарды қолдануда, оның ішінде қайта өңдеу саласындағы 105 жүйеқұраушы кәсіпорын бар.

Цифрландыру – операциялық тізбектің барлық негізгі буындарын қамтиды: сатып алу және сату, қайта өңдеу, логистика, бұл өнім қозғалысы процестерін оңтайландыруға және өндірістің барлық кезеңдерінде жоғары деңгейдегі бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді министр.

Сала тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында министрлік цифрландыруды енгізу жұмыстарын жалғастырады.

Өзгелердің жаңалығы