Ауыл шаруашылығы министрлігі қарбызды қашан жеген қауіпсіз екенін айтты

Вице-министр қарбызды тұтынуға ең қолайлы кезеңді атады.

 ©BAQ.KZ архиві 14 Шілде 2026, 12:52
14 Шілде 2026, 12:52
102
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкіметтегі брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, қарбызды тұтынудың ең қауіпсіз кезеңін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Вице-министрдің айтуынша, бақша дақылдарын өсіру технологиясы төрт кезеңнен тұрады: үлдірдің астында өсірілетін ерте өнім, орта мерзімде пісетін өнім, кеш өнім және шетелден жыл бойы жеткізілетін өнім.

Елімізде өсірілетін өнімге келсек, қарбызды тұтынудың ең қауіпсіз кезеңі – шілденің соңы мен қыркүйек айының аралығы. Осы уақытта өнім әртүрлі тыңайтқыштар мен өсу стимуляторларын қолданбай, табиғи жолмен піседі. Әсіресе балаларға ерте піскен қарбызды жеуден әзірге бас тартқан дұрыс. Бұл – сарапшы ретіндегі жеке пікірім, – деді вице-министр.

Ол сонымен қатар шетелден әкелінетін барлық жеміс-көкөніс өнімдері қауіпсіздік талаптарына сай тексерілетінін айтты. Фитосанитарлық талаптар тұрғысынан мұндай өнімдер қауіпсіз деп есептеледі.

Сонымен бірге санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мәселесі де өзекті болып қала береді.

Химиялық заттар шамадан тыс қолданылған жағдайда олардың қалдық мөлшері өнім құрамында сақталып, азаматтардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Наверх