Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Ауыл" партиясының қарағандылық мүшелері жаңа Конституция жобасын қолдады

Бүгiн, 18:25
49
Бөлісу:
 "Ауыл" партиясы
Фото: "Ауыл" партиясы

2026 жылғы 10 ақпанда Қарағанды облысында «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия ұсынған жаңа Конституция жобасын талқылау.

Жиында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері, оның ішінде ауылдық аймақтардың дамуына, аграрлық секторға, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне және әлеуметтік саясатқа ықпалы жан-жақты сараланды.

Кеңейтілген отырысқа Саяси кеңес мүшелері, бастапқы партия ұйымдарының төрағалары, партия белсенділері мен кадрлық резерв өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан «Ауыл» партиясының Қарағанды облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Руслан Никонович баяндама жасап, талқыланып отырған мәселелер «Әділетті Қазақстанның» жаңа саяси мәдениеті мен құқықтық негіздерін қамтитынын атап өтті.

Конституциялық реформа мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Халыққа Жолдауларында көрсетілген стратегиялық бағыттар – біздің партия жұмысының негізгі бағдаршамы, – деді Руслан Никонович.

Күн тәртібіне сәйкес отырыс барысында жаңа Конституция жобасын негізгі бағыттары бойынша пікірталастар өткізілді, спикерлер өз ұстанымдарын таныстырды.

Саяси кеңес мүшесі Сергазы Адекенов партия құрылымдарының негізгі міндеттерінің бірі – конституциялық жаңашылдықтардың мән-маңызын халыққа жеткізу және азаматтар арасында жүргізіліп жатқан реформаларды объективті түсіндіру екенін атап өтті.

Ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы ең алдымен халық мүддесін қорғауға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға және жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін күшейтуге бағытталған, – деді ол.

Абай ауданының мәслихат депутаты, «Ержанов» шаруа қожалығының жетекшісі Алтай Абишевте Конституция жобасын қолдап, оның ауылдық жерлерді дамытуға, құқықтық кепілдіктерді нығайтуға және мемлекеттік институттардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға маңыздылығын атап өтті.

Партиялық белсенді Сәкен Келдібаев сөзінде негізгі мемлекеттік құжаттарды талқылауға қоғамдық қатысудың маңыздылығына тоқталып, Конституцияны жаңарту қоғамның әділдік пен басқарудың ашықтығына деген сұранысын бейнелейді деп атап өтті.

«Әйел қанаты» бастапқы партия ұйымының төрайымы Марина Шиллер конституциялық реформа азаматтық белсенділік мүмкіндіктерін кеңейтуге, отбасы институтын нығайтуға және әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі рөлін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Шет ауданы партия ұйымының төрайымы Арайлым Амирова Жаңа Конституция жобасын кеңінен талқылау азаматтық қоғамның пісіп-жетілгенін және азаматтардың елдің болашағын қалыптастыруға қатысуға ұмтылысын көрсететінін ерекше атап өтті.

Бұл кездесу тек партияішілік диалог алаңы ғана емес, мемлекеттік маңызы бар реформалар бойынша ортақ пікір қалыптастыру алаңы болды.

Іс-шара соңында «Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай партия белсенділерін мерейтойлық медальдармен марапаттау рәсімі өткізілді.

Өзгелердің жаңалығы