"Ауыл" партиясының атынан сайлауға түсетін үміткер таныстырылды

25 Сәуір 2019, 15:44
2916
Бөлісу:
"Ауыл" партиясының атынан сайлауға түсетін үміткер таныстырылды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының XV кезектен тыс съезі өтіп, алдағы сайлауға қатысатын үміткер анықталды. 

Партия төрағасы Әли Бектаев 9 маусымда өтетін Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына бұрынғы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Төлеутай Раxымбеков түсетінін айтты. 

 

"Ауыл" партиясының атынан сайлауға түсетін үміткер таныстырылды



"Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау ашық, әділ өтетінін айтты. Осындай кезде біздің партияның да тыс қалмағаны маңызды. Біз әртүрлі кандидаттарды қарастырдық. Пікірталас болды. Бірақ, бүгін осы кандидатқа тоқтап отырмыз. Партияның саяси кеңесі Төлеутай Раxымбеков кандидатурасын ұсынып отыр. Ол ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бағдарламаның авторларының бірі. Еңбек жолы кісі қызығарлықтай", - деді Әли Бектаев. 

 

"Ауыл" партиясының атынан сайлауға түсетін үміткер таныстырылды



Төлеутай Сатайұлы 1964 жылы 19 шілдеде Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде дүниеге келген. Қазақ ауылшаруашылық институтын 1986 жылы инженер-механик мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. 1992 жылы Мәскеу қаласында Бүкілодақтық ауыл шаруашылығын электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. 2001 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша білім алған. Экономика ғылымдарының докторы. 

 

"Ауыл" партиясының атынан сайлауға түсетін үміткер таныстырылды



Әр жылдары Агроөнеркәсіп кешенінің дамуын талдау және стратегия департаменті, ауыл аумақтарының және агроөнеркәсіп кешенінің дамуын талдау және мемлекеттік реттеу департаментінің, ДСҰ және ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің ауылшаруашылық өнімін қайта өндеу департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

 

"Ауыл" партиясының атынан сайлауға түсетін үміткер таныстырылды



Сонымен қатар, «КазАгроИнновация» АҚ-ны басқарып, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары және Ауыл шаруашалығы вице-министрі қызметтерін атқарған.

 

"Ауыл" партиясының атынан сайлауға түсетін үміткер таныстырылды






 

Өзгелердің жаңалығы