Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 желтоқсан күні «Ауыл» партиясының мүшесі Валентин Васильевич Хадановичтің «Азимут» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Кез келген мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі – ұлт қауіпсіздігінің ажырамас бөлігі. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту - негізгі әлеуметтік-экономикалық міндет. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекетаралық өзара іс-қимылдың ең өзекті бағыты.
Өндіруші кәсіпорын «Азимут» ЖШС 10 жылдан астам суық сығымдалған майлар өндірісіне маманданған. Олар зығыр майы, қыша, арыш, күнбағыс, күнжіт, жержаңғақ, қарасора, қыша ұнтағы, зығыр ұны, күнжіт ұны, жержаңғақ ұны, қарасора ұны, диеталық кисельдер және басқа да функционалды тағамдарды шығарады.