Ауыл мешітінде намаз оқып жатқан 44 адам ажал құшты

Нигер республикасының үкіметі Фонбита ауылындағы мешітке жасалған лаңкестік шабуылға байланысты үш күндік ұлттық аза тұту жариялады. Бұл туралы Télé Sahel мемлекеттік телекомпаниясы хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

22 Наурыз 2025 2025, 10:32
 pixabay.com 22 Наурыз 2025 2025, 10:32
22 Наурыз 2025 2025, 10:32
1622
Фото: pixabay.com

Нигер республикасының үкіметі Фонбита ауылындағы мешітке жасалған лаңкестік шабуылға байланысты үш күндік ұлттық аза тұту жариялады. Бұл туралы Télé Sahel мемлекеттік телекомпаниясы хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар саны – 44 адам, олардың барлығы бейбіт тұрғындар. Сонымен қатар 13 адам жарақат алды, – деп мәлімдеді Télé Sahel өкілдері.

Қолда бар ақпарат бойынша, бұл қылмысты Үлкен Сахара исламдық мемлекеті содырлары жасаған. Олар Мали Республикасымен шекаралас аумақта лаңкестік әрекеттер жүргізіп келген.

Ел басшылығы бұл шабуылға кінәлілердің жауапкершіліктен құтылмайтынын мәлімдеді.

Лаңкестер де, олардың демеушілері де тиісті жазасын алады, – делінген ресми хабарламада.

Наверх