Ауыл мен өңірдегі мұғалімдердің тұрмыстық жағдайын жақсартамыз - Respublica

16 Наурыз 2023, 21:47
646
Бөлісу:
Ауыл мен өңірдегі мұғалімдердің тұрмыстық жағдайын жақсартамыз - Respublica
Фото: bilimdinews.kz

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров Қазақстан халық партиясының өкілі Оксана Әубәкірованың мұғалімдерге қатысты қойған сұрағына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Хабар» арнасында өтіп жатқан Парламент Мәжілісі сайлауына қатысатын саяси партиялардың теледебатында Айдарбек Қожаназаров партия мүшелері мұғалімдер отбасынан шыққанын атап өтті.

Партиямыздың мұғалімдердің мәртебесін көтеретін партия екені бағдарламамызда бар. Ондағы ең бірінші мәселе - білім саласы. Себебі білімді халық - бақытты халық деп санаймыз. Мысалы, қазір ауыл мен қала мектептерін салыстыратын болсақ, деңгейлерінде айтарлықтай айырмашылық бар, - деді партия төрағасы.

Ол теледебатта мұғалімдердің мүддесі қорғалмағанын айтты.

Бағдарламамызда біріншіден, ауыл мен өңірдегі мұғалімдердің тұрмыстық жағдайын жақсарту, оларға бөлінетін бюджетті көбейту қарастырылған. Себебі қазіргі бөлінген бюджеттен әділетсіздікті көріп отырмыз, - деп жауап берді Respublica партиясының төрағасы.

Ол жоғары білім саласында ғылымды, ЖОО-ны және бизнесті ұштастыру да партияның бағдарламасында көрініс тапқанын айтты.

«Хабар» арнасында Парламент Мәжілісі сайлауына қатысатын саяси партиялардың теледебаты өтіп жатқанын еске сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы