Ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыратын жоба іске қосылды

12 Наурыз 2021, 16:21
3776
Бөлісу:
Ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыратын жоба іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Аitas KZ» АҚ «Powered by NIS ауыл мектебі» бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыруға 155 миллионнан астам теңге бөлді.

«Powered by NIS ауыл мектебі» - ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыруға бағытталған жоба. Жоба еліміздің төрт мектебінде, атап айтқанда Ақмола облысының Бұланды ауданында және Шығыс Қазақстан облысының Ұлан, Катонқарағай аудандарында жүзеге асырылылып жатыр. Жоба бастамашылары - «Aitas KZ» АҚ мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ.

Қазақстанда мектептердің шамамен 75%-ы ауылдық мектептер. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, ауылдағы мектептер білім сапасы, оқу жабдықтарымен жабдықталуы жағынан қалалық мектептерден едәуір артта қалып келеді.

Жоба бастамашыларының пікірінше, қоғам, үкімет және бизнес арасындағы ынтымақтастық ауылдарды тұрақты дамыту стратегиясын жүзеге асыруға және НЗМ тәжірибесін елдегі орта білім беру мектептерінде қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан, 2020 жылдың шілде айында «Aitas KZ» АҚ мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» арасында жалпы бюджеті 800 миллион теңгені құрайтын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

бала5.jpeg

Енді бағдарлама 3 жыл ішінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:

2020 - мектеп диагностикасы, информатика, робототехника, ұл балаларға арналған инженерлік кабинеттер, қыздарға арналған көркем еңбее, аспаздық шеберхана, кітапхана, мұғалімдердің біліктілігін арттыру.

2021 - биология, химия, физика, математика, география, тарих кабинеттерін жабдықтау және мұғалімдерді оқытып, тәжірибеден өткізу.

2022 - бастауыш, негізгі және орта мектептерге арналған кабинеттерді жабдықтау, мұғалімдерге арналған оқу және өндірістік практикалар.

2020 жылдың соңында бағдарламаға қатысушы 4 мектепте «Powered by NIS ауыл мектебі» білім беру бағдарламасының бірінші кезеңі аяқталды. Нәтижесінде 284 мұғалім НЗМ әдістемесі бойынша біліктілігін арттыру тренингінен өтті, ал 2500-ден астам мектеп оқушылары сапалы білім алуға қол жеткізді.

Біз үшін қаланың және ауылдың білім деңгейін теңестіруге мүмкіндік беретін білім беру жобасының бір бөлшегі болу - үлкен мәртебе. Бірінші кезеңнің оң нәтижелері біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды білдіреді.  Болашақта біз бағдарламаны бүкіл Қазақстан бойынша дамыта беруді жоспарлап отырмыз, сондықтан біз басқа кәсіпкерлерді бағдарламаны іске асыруға қатысуға шақырамыз, - деді «Aitas КZ» АҚ бас директоры Серік Толықпаев.

4 мектептің әрқайсысы робототехника, информатика, инженерлік, сәндік-қолданбалы өнер, тамақ әзірлеуге арналған 6 жаңа кабинетпен және кітапханамен жабдықталды.

Тиімділігін көрсеткен бірінші кезең білім берудің үлкен стратегиясына көшуге мүмкіндік берді. Оның басты мақсаты - 2026 жылдың аяғына дейін барлық 164 ауылдық жерлерде «Powered by NIS» мектептерін іске қосу. Бастаманы әрі қарай жүзеге асыру үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен кәсіпкер- серіктестерді тарту жоспарланған. Ұзақ мерзімді бағдарламаның жалпы бюджеті шамамен 32,8 миллиард теңгені құрайды.

Біз оқыту әдістемесі мен технологиясын, мектеп менеджменті мен жергілікті қоғамдастықпен байланысты кешенді түрде қарастырдық. Әрине, әр бағыттың өзіне тән проблемалары бар. Бірақ бірінші кезеңнің соңында менеджмент пен басқару бойынша,  оқыту әдістерінде, сондай-ақ IT құзыреттілігінде кедергілерді жеңу бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. Сондай-ақ «Aitas KZ» АҚ-мен бірлесіп атқарған жұмыстың арқасында сыныптарды техникалық жабдықтау және мектептерді күрделі жөндеуден өткізу бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді, - деп атап өтті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрағасы Күләш Шамшидинова.


Өзгелердің жаңалығы