Ауыл мектебі қандай болады

8 Қараша 2024, 12:29
662
Бөлісу:
Ауыл мектебі қандай болады
PHOTO
Фото: автордан

Елордада «Ауыл мектебі» көрмесі ашылды. Көрмеде ХХІ ғасырдағы ауыл мектебінің жағдайы көрсетілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көрменің басты идеясы – ауыл мектептеріндегі жаңашыл бастамаларды көрсету. Фотокөрме өңірлердегі білім ошақтарының жаңа технологияларды игеруін, бәсекеге ұмтылысын, елдімекеннің дамуына тигізген әсері мен жергілікті тұрғындардың болмысы мен күнделікті тіршілігін айшықтайды.

Ауыл мектебі қандай болады

Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры кәсіпкерлер мен «Қазақстан халқына» қоры арқасында ауыл мектептерін қолдайды. Осы ретте, біз фотокөрмеде ауылдағы мектептің қалай өзгеріп, қайда бет алғанын көрсетеді.

Ауыл мектебі қандай болады

Көрмеге 30-дан аса фотосурет қойылған. Олардың авторлары - фотосуретшілер Әйгерім Бегімбет пен Сабина Әбдімәлік. Олар Жамбыл облысы, Жуалы ауылындағы мектепке барып, объективіне түсіріп алған ауыл өмірінен сыр шертетін сәттерді көрме қонақтарының назарына ұсынып отыр.

Ауыл мектебі қандай болады
Ауыл мектебі қандай болады

OzgeEpic creative hub директоры, жоба кураторы Тоғжан Құрманжанқызы жобаның түпкілікті мақсаты неде екенін айтып берді.

Ауыл мектебі қандай болады

Жобаның мақсаты – қала мектептері мен ауыл мектептері арасындағы үлкен барьерді жою, ауыл мектептерінде де қала мектептеріндегідей заманауи құрал-жабдықтар, технологиялар бар екенін, ауылда да заман талабына сай дүниелердің болатынын, ауылда да мүмкіндіктің бар екенін көрсету. Ауыл баласы мен қала баласының арасында айырмашылық болмауы керек. Болашақта мұндай көрме Түркістан және Алматы қалаларында да ұйымдастырылады. Көрме арқылы шалғайда болса да, араларында мектеп үшін өмірін өзгерткен ұстаздар, оқушылардың арасынан шығатын болашақ ғалымдар бар екенін айтқымыз келеді. Ауылда болса да, терең білім беретін мектептердегідей ғылыммен айналысатын оқушылар бар, - деді Тоғжан Құрманжанқызы.

Ауыл мектебі қандай болады

Көрмеге фотосуреттер жасауға Жамбыл облысы, Жуалы ауылындағы №15 тірек мектеп-лицейі таңдалып алынған.

Ауыл мектебі қандай болады

Көрмеде әртүрлі тақырыптағы суреттер, атап айтқанда, физикаға, тілге және бастауыш сыныптарға қатысты. Сондай-ақ көбіне тәжірибе алаңынан түсірілген суреттерді тамашалауға болады.

Ауыл мектебі қандай болады

Фотосуретші Әйгерім Бегімбет білім саласына қатысты әлеуметтік жобаға қатысуға мүмкіндік алғанына қуанғанын айтты.

Жобаға шақырған кезде қуандым. Ауылға келгенде жағдайы бар мектепті көргенде таңғалдым. Өйткені мен бір жылдары Шымкенттегі НЗМ-де жұмыс істегенде мектептегі мүмкіндіктерді, жасалған жағдайды, білім сапасын көрдім. Балалар қатысатын әртүрлі үйірмелер болды. Сол кезде неге мұндай игіліктер қала мектептерінің оқушыларына ғана жасалуы керек деп ойладым. Ауыл мектептеріне де неге осындай жағдай жасамасқа деген ой келді. Сөйтіп Жуалы ауылындағы мектепке барғанда НЗМ үлгісін көргенімде қатты қуандым. Бір апта бойы мектепке күнде барып тұрдық. Мұғалімдер жас, оқушылар өте тәртіпті. Мектепте нақты жүйе бар. Біз ескі тақта көрген оқушылармыз ғой, ал бұл мектепте интерактивті тақта, заманауи технологиялар бар, - дейді тәуелсіз фотосуретші.

Ауыл мектебі қандай болады

Әйгерім Жуалы ауылындағы оқушылар өте білімді әрі сұқбатқа үнемі ашық екенін айтты. Айтуынша, балалардың қызығушылығы өте жоғары, кез келген тақырыпта сөйлесуге, ой бөлісуге дайын.

Ауыл мектебі қандай болады

Жамбыл облысы, Жуалы ауылындағы Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейінің директоры Руслан Сайлаубаев Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры ауылды жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру жобасы аясында ауыл оқушыларына үлкен мүмкіндік жасап отырғанын айтты.

Бұл ауданымыздағы жалғыз тірек мектеп болып саналғаннан кейін оқушылардың саны да көбейіп келеді. Өйткені материалдық-техникалық база жаңа, барлығы заманауи зертханалармен қамтамасыз етілген, телестудия, артстудия, өндірістік шеберханалар және т.б. бар. Осының барлығы бізде жаңартылды. Сондықтан кез келген ата-ана осындай мүмкіндігі жоғары мектепте баласының білім алғанын қалайды деп ойлаймын, - деді директор.

№15 тірек мектеп-лицейінде 603 бала екі ауысымда оқиды.

Еске сала кетейік, көрме көшпелі. Яғни көрме еліміздің басқа өңірлерінде де өтеді. Елордалықтар көрмені 7 қарашадан бастап айдың соңына дейін тамашалай алады.

Өзгелердің жаңалығы