«Ауыл – ел бесігі»: Ақжарда дене шынықтыру кешені салынып жатыр

30 Қараша 2024, 06:12
75
Бөлісу:
«Ауыл – ел бесігі»: Ақжарда дене шынықтыру кешені салынып жатыр

Ауыл тұрғындарын спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

Жуырда осы бағдарлама шеңберінде ауданның Тұғыл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсімі 14 қарашада өтті.

Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені заманауи талаптарға сай жабдықталған және ауыл тұрғындарына спортпен шұғылдануға, түрлі спорттық жарыстар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кешеннің корпусы баскетбол, волейбол, шағын футбол, теннис, бадминтон, бокс, күрес, ауыр атлетика сынды бірнеше спорт түріне арналған. Барлық залдар мен алаңдар тиісті заманауи жабдықтармен қамтылған.

Кешеннің өткізу қабілеті – бір ауысымда 47 адам. Бұл ауыл жастары мен тұрғындарына дене шынықтырумен белсенді айналысуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға тамаша мүмкіндік береді. Жаңа нысанның салынуы – өңірдің спорттық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам.

Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында да дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жобалардың жүзеге асуы ауылдарда спортпен шұғылданатын тұрғындардың көбеюіне және жастардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал етеді.

Мұндай кешендердің салынуы – ауылдық жерлердегі әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамытудың маңызды көрсеткіші. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында қолға алынған бұл бастамалар халықтың әл-ауқатын арттырып, елді мекендерде дене шынықтыру мен спортты жаппай дамытуға үлкен үлес қоспақ.

Өзгелердің жаңалығы