"Ауыл Аманаты" жобасы қалай іске асып жатыр

27 Наурыз 2024, 15:00
580
Бөлісу:
"Ауыл Аманаты" жобасы қалай іске асып жатыр
Фото: Арман Мухатов - архив

Былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес "Ауыл Аманаты" бағдарламасын іске асыру басталды. Ауыл шаруашылғы вице-министрі Ербол Тасжүреков жобаның қалай жүзеге асып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бағдарлама жылдық 2,5% сыйақы мөлшерлемесі бойынша 5 жылға дейінгі мерзімге микрокредит беруді көздейді, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі 7 жылға дейін уақыт. Микрокредиттің ең жоғары сомасы – 2,5 мың АЕК-ке дейін (2024 жылы – 9,2 млн теңге), ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін 8 – мың АЕК-ке дейін, - деді спикер ОКҚ-да өткен брифингте.

Тасжүрековтың сөзінше, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өңірлерде сенім білдірілген өкіл ретінде әрекет етеді, олар бағдарлама қатысушыларына микрокредиттерге неғұрлым жеңілдетілген қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Бағдарламаны іске асыруға 2023 жылы 17 мың шағын несие беру үшін 100 млрд теңге бөлінді. Қаражаттың негізгі бөлігі 70%-ға жуығы Жамбыл (24,1 млрд теңге), Түркістан (19,8 млрд теңге), Ақтөбе (16 млрд теңге) және Алматы (8,3 млрд теңге), облыстары үшін қарастырылған. Дәл осы облыстарда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі төмен отбасылардың ең көп саны, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті адамдар қатарынан бірде-бір жұмыспен қамтылмаған отбасылар байқалады, - деді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы