2027 жылы ауылдық жерлерде интернет желісін пайдаланушылардың үлесі 97%-ға жетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Орталық коммуникацялар қызметінде ҚР Ауылдық аумақтарын дамытудың тұжырымдамасы және жергілікті өзін-өзі басқару тақырыбында өткен брифинг барысында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, 2027 жылға қарай табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ауыл халқының үлесі 6,5%-құрайды. Ауылдардың 100%-ы сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етіледі. Ауылдық жерлерде интернет желісін пайдаланушылар үлесінің артуы 97%-ға жетеді деп күтілуде. Ауылдық жерлерде 650-ге жуық мәдениет объектілері және 100 тез салынатын және аз шығынды спорт ғимараттары салынатын болады.
Министр ауыл халқының табысын арттыру бойынша қандай шаралар қарастырылғанында айтып өтті.
«Ауыл аманаты» жобасы ауылдық жерлерде кооперацияны дамыту, үйіргерлік жерлерді игеру және қажетті техникамен қамтамасыз ете отыра ауылдағы азаматтардың табысын арттыруға арналған жоба. Осының аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыру көзделген. Сондай-ақ табысты арттыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысынан бір тәжірибе бар. Ірі жобаларды жергілікті әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары арқылы қаржыландырып, ауылдарда қажетті якорлық жобаны дамыту. Одан бөлек ауыл шаруашылығындағы емес бағыттағы кәсіпкерлікті дамыту жоспарланған. Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігі тарапынан жеңілдетілген несиелер, гранттар беру және кепілі жоқ азаматтарға несие алуға кепілдеме берулер қолға алынған, - деді Бауыржан Омарбеков.