Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында 40 сайлау округіне 151 үміткер ұсынылды. Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаевтың айтуынша, осымен аймақта ауылдық округ әкімдеріне кандидат ұсыну кезеңі аяқталды.
Қазіргі таңда ауылдық округтерден ұсынылған кандидаттардың заң табалына сәйкестігі анықталуда. Бүгінде 80-нен астам кандидат тіркеуден өтті. Үміткерлерді тіркеу жалғасуда. Бұл жұмыс 14 шілде сағат 18-00-де аяқталатын болады, - деді Ғалым Баймырзаев.
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы бойынша биыл тамыз айында жаңа заңға сәйкес 4 ауылдық округтің әкімдері сайланады. Қазіргі таңда Аққыр, Бұқарбай батыр, Аламесек және Қаракеткен ауылдық округтерінде қызу дайындық жүргізілуде.
Сайлаушылар тізімі күнделікті нақтылануда. Биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бұл 4 ауылдық округте барлығы 3565 сайлаушы бар. Аққырда 561, Бұқарбай батырда 1108, Аламесекте 1015 және Қаракеткенде 654 және Далдабай елді мекенінде 227 адам бар. Сайлау комиссиялары орналасқан бөлмелер нұсқаулыққа сәйкес барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сайлау комиссияларының құрамы толық, 4 сайлау комиссиясы мүшелерінің саны - 44. Мүмкіндігі шектеулі азаматтары бар сайлау учаскелерде жағдайлардың жасалуы бойынша, жаңа заңнамаға сәйкес 4 ауылдық округтегі сайлау учаскелерінің мүгедектерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық учаскелер бірінші қабатта орналасқан және арнайы орын қарастырылған, - дейді Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Садық Әлиев.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін сайлау учаскелері жылжымалы дауыс беру жәшігімен де қамтамасыз етілген. Ауылдық округтердегі сайлау учаскелері барлық заң талаптарына сай жабдықталған. Қызметкерді шақыруға арналған қоңырау және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустар мен сары жолақтар барлық учаскеде орнатылған, сондай-ақ, автотұрақтар да бар.
Сайлау науқаны барысында вакцинациялау жұмыстары да басты назарда. Сайлау өтетін ауылдық округтерде 6 460 тұрғын бар болса, оның 3350-і вакцина салдыруы керек. Бүгінгі күнге дейін тұрғындар арасында екпені 1968 адам салдырды, - дейді Садық Әлиев.
Сайлау учаскелеріндегі комиссия мүшелерінің вакцинациялау жұмыстары бойынша 4 ауылдық округте сайлау комиссиясының 44 мүшесінің бүгінгі күнге 33-і екпе салдырған. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда.
Жалпы аудан бойынша сайлауды өткізуге 26 учаскелік сайлау комиссиялары мен 1 аудандық сайлау комиссиясы дайын. Сайлaу yчаскесінде дayыс беругe aрналған үй-жaйды, дayыс бepу пyнктін жapақтандыру жөніндегi нұсқаyлыққа сәйкec 26 caйлау учаскесіне бекітілген эскиз бойынша мемлекеттік және орыс тілінде маңдайшалары бар, - дейді Садық Әлиев.
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға, сондай-ақ, кент және ауылдық округтерде билбордтар орналастыруға арнайы орындар белгіленген. Сонымен қатар үміткерлердің сайлаушылармен кездесу ұйымдастыруына арналған жалға берілетін ғимараттар да дайын.
Қазіргі таңда аудандағы Аққұм, Аламесек, Бұқарбай батыр, Мәдениет және Мақпалкөл ауылдық округтері бойынша сайлау учаскелерін біріктіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл елді мекендерде 2 сайлау учаскесінен бар. Шешімді облыстық Әділет департаментіне тіркеу жұмыстары жүргізілуде, - дейді Садық Әлиев.
Жалағаштықтар ауыл әкімдерін сайлауға оң көзқарас танытуда. Олар өз ортасынан шыққан, ауылдың тыныс-тіршілігімен жақсы таныс адамның ауыл бaсшысы болғанын қалайды.
Мeмлекет баcшысы былтыpғы Жoлдауында елдегi caяси мәceлелерге бacа назap аyдарып, кеңiнен тoқталды. Әcipесе, ayыл әкімдерiн сайлaу тyралы жaңалығы елдi eлең еткізіп, тың жаңалық болғаны белгілі. Eнді aуыл хaлқы өз елді мекендерінің басшысын өздері таңдауға құқылы. Eл Тәyeлсіздігінің 30 жылдығы қapсаңында сaйлаy жүйеciнің қaйта жaңғыруы айтyлы жаңалықтaрдың бірi болды. Осы орайда аудандағы Бұқарбай батыр ауылында сайлау алдындағы жұмыстар қарқынды жүруде. Бұл сайлауға ауылдан мұғалімдер де өз бағын сынамақ. Сайлау үміткерлерінің әрқайсысы ауыл әкімі болуға әбден лайық. Себебі олар білікті, мемлекеттік істе ысылған жандар, ең бастысы, олар ауыл тұрғындары, - дейді Бұқарбай батыр ауылдық округінің тұрғыны Бақытжан Ермаханұлы.
Айта кетейік, сайлау өткен соң үш күннен кейін қорытынды шығады. Ал жеті күнде ауылға сайланған әкімді тіркеу жүзеге асырылып, оның өкілеттілігі тіркелген күннен басталады.