Аутизмі бар балаларға көмек көрсету бағытында ДСМ жүйелі жұмыс істеп жатыр

2 Сәуір 2021, 13:11
2685
Бөлісу:
Аутизмі бар балаларға көмек көрсету бағытында ДСМ жүйелі жұмыс істеп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Аутизм туралы ақпараттандыру күні» тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен баланың денсаулығын қорғау департаменті директорының орынбасары Олжас Искаков айтты.

Еліміздің дамуына денсаулық және әлеуметтік сала бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қолға алынып отырған жобалардың үлесі зор. Халықтың жағдайын жақсарту мақсатынан бөлек, қоғамда өмір сүріп жатқан көпбалалы аналарға, мүгедек балаларды асырап отырған адамдарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамнан өз орнын табуына ықпал ету маңызды істердің бірі. Адамдар арасындағы қиын жағдайдың алдын алу мақсатты дүние деп санаймыз. Аутизмдік спектрінің бұзылуы бар балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру бағытында Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар жүйелі жұмыс жүргізуде, - деді ол.

Жыл сайын 2 сәуірде Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні аталып өтеді. Ол БҰҰ Бас ассамблеясының 2007 жылдың 18 желтоқсанындағы Қарарымен белгіленген. Бұл құжатта аутизммен ауыратын балалар санының көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірілген.

Негізінен аутизм 3 жасқа дейінгі кезеңде білінетін ауытқымалы немесе бұзылу дамуының болуымен әлеуметтік өзара іс-қимылдың және шектеулі мінез-құлықтың барлық саласында ауытқымалы қызмет етумен айқындалатын дамудың жалпы бұзылуы. Бүгінге дейін аутизмнің не себепті пайда болатыны туралы нақты концепциясы анықталмады. Үкімет тарапынан еліміздегі балалардың құқықтары бойынша уәкілетті өкіл – Аружан Саинның бастамасымен Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасында көзделген диагностикалау, оңалту/бейімдеу іс-шараларын жақсарту бойынша маңызды іс-шаралар қабылдануда, - деді ол.

Спикердің айтуынша, көмек қолжетімділігін жақсарту шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі келесі негізгі ұйымдастырушылық қадамдарды жүзеге асырып жатыр. Яғни, қалалық амбулаториялық-емханалық ұйымдар деңгейінде 74 бастапқы психикалық денсаулық орталығы құрылды, ауылдық жерлерде психикалық денсаулық бөлмелерінің желісі 219-ға дейін кеңейтілді.

Өзгелердің жаңалығы