Аутизмді ерте анықтау жолдары – маман кеңесі

Бөлісу:
Аутизмді ерте анықтау жолдары – маман кеңесі
Фото: ӨКҚ

“Асыл Мирас” орталығында аутизм қаупін анықтау үшін халықаралық деңгейдегі ADOS-2 әдісі қолданылады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде "Асыл Мирас" Аутизм орталығы басшысының орынбасары Марина Забродина мәлімдеді.

Әрқайсымыз қоғамымның қандай болатыны үшін жауаптымыз. Аутизмі бар адамдардың тең құқықтары мен мүмкіндіктері бар. "Асыл Мирас" орталықтары әрбір АСБ диагнозы бар бала мен оның отбасына көмектесуге дайын. АСБ әлеуметтік қарым-қатынас тапшылығымен, қызығушылықтардың аздығы және мінез-құлық ерекшеліктерімен сипатталады. Орталықта аутизм қаупін анықтау үшін халықаралық деңгейде мойындалған, диагностикадағы “алтын стандарт” болып саналатын ADOS-2 әдісі қолданылады,- деді Марина Забродина.

Ата-аналар назар аударуы қажет алғашқы белгілердің қатарына мыналар жатады:

- көздің байланысының болмауы;
- өз атына реакцияның болмауы;
- ым-ишарамен сұрауды білдіре алмау;
- стереотиптік мінез-құлықтың көрінісі (мысалы, қол бұлғау, заттарды бір қатарға қою);
- қауіпсіздік сезімінің болмауы;
- агрессия немесе өзін-өзі агрессиялау жағдайлары

Маманның айтуынша, ата-аналар осындай ерекшеліктерді неғұрлым ертерек байқап, мамандарға жүгіну қажет.

2014 жылдан бастап Қазақстанда “Аутизм. Баршаға ортақ әлем” бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бұл бағдарлама аутизмі бар балалар мен олардың отбасыларына қолдау көрсетуге бағытталған. Оның аясында еліміздің 12 өңірінде 13 тегін “Асыл Мирас” орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтар балаларға кәсіби көмек көрсетіп, ата-аналарды өз баласын жақсырақ түсінуге үйретеді. Бағдарлама іске асырылған жылдар ішінде 16 000-нан астам бала мен олардың отбасы қолдау алған.

Өзгелердің жаңалығы