-
-
Олимпиаданың жабылу салтанаты өтті
11 тамыздан 12 тамызға қараған түнде, Астана уақытымен 00:00-де төрт жылда бір келетін дүбірлі дода Жазғы Олимпиаданың жабылу рәсімі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.08.2024
-
2028 жылғы Олимпиада автокөліксіз өтеді
Лос-Анджелес 2028 жылғы Жазғы Олимпиаданы автокөліксіз өткізбек. BAQ.KZ бұл туралы қала мэрі Крен Бастың мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.
11.08.2024
-
Италияда аптап ыстық халықты әбігерге салды
Италияда ауа температурасы тым жоғары. Бірнеше күннен бері жалғасып жатқан аптаптан туристер мен қала тұрғындары суға шомылып, салқын су ішіп амалдап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.08.2024
-
Өскемен мен Зайсанда Халықтық спорт ойындары өтеді
ШҚО-да 12-23 тамыз аралығында XXII Халықтық спорт ойындары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.08.2024
-
Алматыда 17 жастағы үш турист адасып кеткен
Бүгін 17 жастағы үш турист Алматы облысы Қарасай ауданында тауға шығып, түсер жолда қиындыққа тап болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.08.2024
-
Биыл СҚО-да 900 шақырым жол жөнделеді
Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 900 шақырым жол жөнделеді. Бұл мақсатқа 70 миллиардтан астам теңге бөлінген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.08.2024
-
Жапонияда 7,1 балдық жер сілкінісі болды
Жапонияның оңтүстігінде 7,1 балдық күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
09.08.2024
-
Елордада саммитке байланысты 17 автобустың бағыты өзгереді
Өзгертілген сызбаларды Taplink-тен көруге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.08.2024
-
Бүгін екі қалада ауа ластанады
9 тамыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. Тек Алматы мен Атырауда ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.08.2024
-
Кеше ел аумағында 5 автокөлік өртенді
Өткен тәулікте ел аумағында 5 автокөліктің жануы орын алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.08.2024
-
Париж Олимпиадасы: 9 тамызда кімдер жарыс жолына шығады?
ҚР ҰОК Қазақстан спортшыларының 9 тамыздағы жарыс кестесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.08.2024
-
Аляскада мұздық еріп, төтенше жағдай жарияланды
Аляскада Менденхолл мұздығы еріп, бөгет істен шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.08.2024
-
Шымкентте жол жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырған аудан әкімдігі мен басқарма есепшісі сотталды
Шымкентте жол жөндеуге бөлінген қаржыны қалтаға басқан есепшілер сотталды. Анығырақ айтсақ, аудан әкімдігі мен басқарма бухгалтерлері бюджеттің 99 миллион теңгесін жымқырған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.08.2024
-
Көлік министрлігі 3 әуе компаниясы мен 4 ұшқышқа айыппұл салды
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Көлік министрінің тапсырмасына сәйкес Ан-2 ұшақтарын тексеруге қатысты жеңіл және аса жеңіл азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларын жоспардан тыс тексеруде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.08.2024
-
Сара Назарбаева ашқан "Бөбек" орталығы қайта құрылады
Оқу-ағарту министрлігі "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығын "Үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы құжат жобасы жария талқыға ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.08.2024
-
Елімізде қой фермасын құруға жеңіл шартпен кредит алуға болады
Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда қой шаруашылығын дамытуды қолдау мақсатында қой фермасын құрушыларға бюджеттік кредит беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.08.2024
-
Астанада бос алаңда жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
Елорданың Байқоңыр ауданында қала тұрғындарының демалуы үшін бос алаңға жаңа қоғамдық кеңістік жайластырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.08.2024
-
Қостанай облысында жеке тұрған ағаш құрылысы өртенді
Қостанай қаласында пилорама орталығының аумағында жеке тұрған ағаш құрылысының өртеніп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.08.2024
-
Астана әуежайында бұршақ Air Astana ұшағын зақымдады
8 тамызда бұршақ жауып, қатты жел Астана әуежайында Air Astana ұшағын зақымдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.08.2024
-
Барлық дерлік өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 9 тамызда еліміздің барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлытау облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астанада найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршак, дауыл. Найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с.
Атырау облысының шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, орталығында 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысыныңда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз оңтүстігінде, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады.
Алматыда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының басым бөлігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады.
Шымкентте оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысының шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. 09 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары төтенше өрт қауіпі сақталады.
08.08.2024
Наверх