-
-
Астанада пациенттің өлімінен кейін клиника жұмысы уақытша тоқтатылды
Биыл 3 маусымда Астанадағы Medina Plastic Surgery жеке клиникасында мұрын кеңсірігін түзету бойынша жоспарлы операциядан кейін Ақтаудың 59 жастағы тұрғыны көз жұмды. Әйел ұзақ уақыт тыныс алудың қиындығына шағымданып, хирургиялық көмекке жүгінген. Алайда жоспарлы операция қайғылы аяқталды. Оқиғаға қатысты BAQ.KZ тілшісі толығырақ зерттеп көрген болатын.
28.10.2025
-
Кариб теңізінде 6,5 магнитудалы жер сілкінісі болды
Францияға тиесілі Гваделупа аралының маңындағы Кариб теңізінде 6,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28.10.2025
-
Америкадағыдай тиімді ме: автолизинг қазақстандықтар үшін қаншалықты пайдалы
Қазақстанда халыққа арналған автолизинг жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта банктер мен мемлекеттік институттар болашақ бағдарламалардың нақты шарттарын – пайыздық мөлшерлемелерді, мерзім мен бастапқы жарнаны әлі жариялаған жоқ. Дегенмен сарапшылар бұл тетіктің қалай жұмыс істеуі мүмкін екенін және оның қазақстандықтар үшін қаншалықты тиімді болатынын қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28.10.2025
-
Тәуелсіздік рухын биіктеткендер
Тәуелсіздік – тек саяси ұғым емес, ұлттың рухани, мәдени және спорттық биігімен де өлшенеді. Қазақстанның егемендік жылдарындағы жетістіктерін айтқанда, ел намысын әлем аренасында қорғаған спортшылар мен қазақ өнерін жаһандық деңгейде танытқан мәдениет қайраткерлерінің еңбегі айрықша. Олар – Тәуелсіз Қазақстанның бет-бейнесін қалыптастырған, ұлт рухын асқақтатқан тұлғалар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
25.10.2025
-
Трамп: АҚШ Латын Америкасында құрлықтағы операция бастауы мүмкін
АҚШ президенті Дональд Трамп қорғаныс министрі Пит Хегсетке есірткі сатушыларды құрлықтан қуу мәселесін Конгреспен талқылауды тапсырды. Ол бұл туралы Ақ үйде өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
STEAM-Tulpar: ауыл баласына ғылым жолын ашқан зертхана
Еліміздің білім кеңістігінде соңғы жылдары тың серпін берген жобалардың бірі – STEAM-Tulpar. Бұл – кәдімгі зертхана емес, жол үстінде жүрген зертхана. Арнайы жабдықталған көлік Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, ауыл мектептеріндегі балаларды ғылым мен технологияның қызықты әлемімен таныстырып жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
Елордада батыр аналарға "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" табысталды
Республика күні қарсаңында Астана қаласы Есіл ауданында көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыстауға арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
ВТБ Банк (Қазақстан) ЕО санкцияларындағы өзгерістерге түсініктеме берді
ВТБ Банк (Қазақстан) Еуропалық одақ енгізген санкцияларға қатысты өзгерістер елдегі банк жұмысына әсер етпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
"Еңбегіміз еленді" – СҚО механизаторын Президент марапаттады
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай мемлекеттік наградалар табыстады. Елдің басты сахнасына көтерілгендердің қатарында Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының «Мәмбетов және К» серіктестігінің механизаторы Мұрат Қаражұманов та бар. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі еңбегі үшін оған «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Бұл – Қазақстан Республикасындағы ең жоғары марапаттардың бірі. Мұрат Қаражұманов марапаттан кейін өз әсерімен BAQ.KZ тілшісімен бөлісті.
24.10.2025
-
ДДСҰ: Газа медицинасын қалпына келтіру 7 млрд долларға түсуі мүмкін
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Газа секторындағы денсаулық сақтау жүйесін қалпына келтіру үшін кемінде 7 миллиард доллар қажет болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
Талғардағы қайғылы оқиғадан кейін Шерзат Болаттың отбасы жаңа үйге қоныстанды
Алматы облысы Талғар ауданындағы былтыр қайғылы жағдайдан кейін Шерзат Болаттың отбасы жаңа өмірге қадам басты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
Газа секторында қаза тапқандар саны 68 мыңнан асты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқандардың саны бір тәулікте тағы 14 адамға артып, жалпы көрсеткіш 68 280 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
Оңтүстік Суданда нөсер жаңбыр Ніл өзенін шайып кетті
Соңғы бірнеше күн бойы толассыз жауған нөсер мен Ніл өзенінің арнасынан асуы Оңтүстік Судан халқының өміріне ауыр соққы болды. Мыңдаған адам зардап шегіп, жүздеген мың тұрғын үйлерін тастап шығуға мәжбүр болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
Коммуналдық тарифтердің уақытша тоқтатылуы қызмет сапасына әсер ете ме?
Ұлттық экономика министрлігі 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін коммуналдық тарифтердің өсуін уақытша тоқтату шарасы қызмет көрсетуші ұйымдардың жұмысына кері әсер етпейді және көрсетілетін қызмет сапасына нұқсан келтірмейді деп мәлімдеді. Бұл туралы ведомство BAQ.KZ тілшісінің ресми сауалына берген жауабында хабарлады.
24.10.2025
-
1 триллион теңге резервте тұр – ҰЭМ түсіндірді
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Сенатта өткен брифингте республикалық бюджетке енгізілген "жаңа бастамаларға арналған шығындар" бабы туралы егжей-тегжейлі түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Қазақстандық банк санкцияға ілікті: Ұлттық банк не дейді?
Ресейге қарсы Еуроодақтың 19-шы санкциялық пакеті аясында "ВТБ Банк (Қазақстан)" шектеулер тізіміне енгізілді. Бұл шешім 2 желтоқсаннан бастап күшіне енеді және Еуроодақ аумағында банкке қаржы операцияларын жүргізуге тыйым салады. Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев бұл жағдай Қазақстан экономикасына әсер етпейтінін және салымшылардың алаңдауына себеп жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің неліктен көтерілгенін түсіндірді
Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев Сенатта өткен дөңгелек үстелде неліктен базалық мөлшерлеменің көтерілгенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Онлайн-сауда мен коммуналдық салада бақылау күшейеді
Сенаттың кеңейтілген отырысында депутаттар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін түзетулерді қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Қазақстан қазақ тілінде сөйлейтін жасанды интеллект жүйесін әзірлеп жатыр
Қазақстанда қазақ тілінде сөйлей алатын дыбыстық тілдік жасанды интеллект моделін әзірлеу жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Жасанды интеллект жаппай қысқартуға себеп болмайды – депутат
Жасанды интеллект еңбек нарығының құрылымын өзгертетіні сөзсіз. Бірақ бұл жаппай жұмыстан босатуға немесе мамандықтардың жойылуына әкелмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
Наверх