-
-
Тазалықтың тірегі: Арнайы техниканы тізгіндеген еңбек адамы
Қаланың қақ ортасында қарбалас қозғалыстың арасында ауыр техниканың тізгінін ұстап, тынымсыз еңбек етіп жүрген жандарды көпшілік байқай бермейді. Бірақ елорда көшелерінің таза да ұқыпты көрінуі – дәл сол көрінбейтін еңбектің жемісі. Таңмен таласа тұрып, Астананың жолдарын шаңнан аршып, қыста – қалың қардан, көктемде – батпақтан, жазда – шаң-тозаңнан тазартып жүрген арнайы техника жүргізушілері қаланың айнадай жарқырап тұруына елеулі үлес қосады. Солардың бірі – он жылдан астам уақыт бойы "Астана Тазалық" ЖШС-да еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі арнайы техника жүргізушісі Сүндет Қойбағаров.
08.12.2025
-
Теңге қарқыны баяулады: Қазақстандағы доллар бағамынан не күтуге болады
Соңғы айларда Қазақстанда доллардың бағамы айтарлықтай төмендеді. Алайда экономистердің бағалауынша, теңгенің күрт нығаю кезеңі аяқталуға жақын. Экономист BAQ.KZ тілшісіне ұлттық валютаның күшеюіне әсер еткен негізгі факторларды, оның реттеуші жүргізіп отырған саясатпен байланысын және алдағы апталарда валюта нарығында қандай өзгерістер күтілетінін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
06.12.2025
-
Қағаздан цифрлық жүйеге: Жер қойнауын пайдалану платформасы іске қосылды
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы жұмыс істей бастады. Бұл – жер қойнауын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін, саланы ашық әрі инвесторлар үшін тартымды ететін цифрлық жүйе.
05.12.2025
-
G20-ның беделі төмендеді: геосаяси текетірес саммитке қалай әсер етті
Оңтүстік Африка Республикасында өткен G20 саммитіне Владимир Путин, Дональд Трамп және Си Цзиньпиннің қатыспауы бұл форматтың қазіргі геосаяси жағдайда қаншалықты өзекті екеніне қатысты сұрақтарды күшейтті. Әлемдік державалар арасындағы сенім дағдарысы тереңдеп, көпжақты дипломатияның маңызы әлсіреп тұрған тұста G20 бұрынғыдай ықпалды алаң бола алмай отыр. BAQ.KZ тілшісі G20 саммитінің рөлі мен ықпалы туралы халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Таир Нигмановтан сұрап көрді.
05.12.2025
-
Тоқаев заңға қол қойды: мектептер мен балабақшаларға кенеттен тексерулер енгізіледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Заңға сәйкес, 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің өкілеттіктері кеңейеді. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Айнұр Алмағамбет түсіндіріп берді.
05.12.2025
-
БҰҰ: 2025 жылы Ливаннан 378 мың сириялық еліне оралды
Биыл Ливаннан 378 мың сириялық босқын Сирияға қайта оралған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.12.2025
-
Ипотека, автонесие, салық: Нарықты не күтіп тұр?
Қазақстандағы несие нарығында айтарлықтай өзгерістер басталды. Ұлттық банк жүргізген соңғы сауалнама бизнес сегментінің қайта жандана бастағанын көрсеткенімен, тұрғындар үшін несие алу талаптары бұрынғыдан қатаңдай түскен. Ипотекаға сұраныс төмендеп, автонесие де жаңа мөлшерлеме қысымын сезіне бастады. Ал тұтынушылық кредиттер бұрынғы деңгейден аса алыстамай тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.12.2025
-
Мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі бекітілді: мектептер мен балалар мекемелерін не күтіп тұр?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Құжат санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік пен бала құқықтарын қорғау саласындағы бақылауды күшейтеді. Сондай-ақ бақылау тәртібі Кәсіпкерлік кодексінен алынып, салалық заңдарға: "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс пен "Бала құқықтары туралы" заңға көшірілді. BAQ.KZ тілшісі бюджет есебінен қаржыландырылатын мектептерді, балабақшаларды, интернаттарды және басқа да балалар ұйымдарын қандай өзгерістер күтіп тұрғанын анықтады.
04.12.2025
-
Депутат жастарға микрокредит беру талаптарын қатаңдатуды ұсынды
Сенатор Геннадий Шиповских өзінің депутаттық сауалында жастарға микрокредиттің шамадан тыс жеңіл берілуі туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.12.2025
-
Бибігүл Жексенбай мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтты
Сенатор Бибігүл Жексенбай жануарлардан алынатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.12.2025
-
Ашық НҚА-дағы заң құжаттары неге толық емес? – министрлік түсіндірді
Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова "Ашық НҚА" порталында қолданушылардың толық құжаттар топтамасын неге көре алмайтыны туралы сауалға жауап беріп, түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.12.2025
-
Қазақстанда алимент өндіретін сот орындаушыларына талап күшейтіледі
Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова алимент өндіру мәселесіне қатысты қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.12.2025
-
Мұнай тасымалдауға шектеу жоқ: министрлік Каспий құбыр консорциумындағы жарылыс туралы
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров Сенатта өткен брифингте дрондар шабуылынан кейінгі Каспий құбыр консорциумындағы (КҚК) жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.12.2025
-
Сенат ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңды кейінге қалдырды
Сенат Қазақстандағы ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу бойынша түзетулерді қамтитын заңды қарауды кейінге қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.12.2025
-
Қазақстанда әкімшілік әділет институты дамиды: Сенат заңды мақұлдады
Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.12.2025
-
Қазақстан уранды қалай қорғайды? Жаңа заңның 5 басты өзгерісі
Қазақстанда уран және көмірсутек саласында жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібі түбегейлі жаңартылады.
04.12.2025
-
Елорданың коммуналдық қызметі қысқы маусымға дайындығын таныстырды
Бүгін БАҚ өкілдеріне Астанадағы қысқы маусымға жасалған дайындықты өз көзімен көру мүмкіндігі берілді. Қары қалың түсетін, желі үнемі қатты соғатын елорданың қысы – коммуналдық сала үшін ең үлкен сынақтардың бірі. BAQ.KZ тілшісі елорданың тазалығын қамтамасыз ететін басты мекемелердің бірі – "Астана Тазалық" ЖШС ұйымдастырған баспасөз турында қаланың қысқы маусымға дайындығымен танысып қайтты.
03.12.2025
-
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандады
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжіліс кулуарында Қазақстандағы дәрі-дәрмек бағасына қатысты жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.12.2025
-
МӘМС басшысы қызметінен кетті: Министр себебін айтты
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжіліс кулуарында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Айдын Құлсейітовтің отставкасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.12.2025
-
Қазақстанда қоғамдық орындарда никаб кигендер жазаланады: депутат түсіндірді
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" жаңа бірыңғай заңның екінші оқылымда қабылдануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.12.2025
Наверх