Аустрия парламентшілері Қазақстанмен парламентаралық диалогты жандандыруға ниетті

30 Қараша 2023, 04:29
512
Бөлісу:
Аустрия парламентшілері Қазақстанмен парламентаралық диалогты жандандыруға ниетті
Фото: gov.kz

Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді Орталық Азия және Моңғолия елшілерінің Аустрия Ұлттық Жиналысының депутаттары – «Аустрия-Орталық Азия» парламентаралық достық тобының мүшелерімен алқалы кездесуіне қатысты.

Бұл туралы BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын және Парламентаралық одақ, ЕҚЫҰ ПА және ЕКПА сияқты көпжақты құрылымдар шеңберіндегі елдер парламентшілерінің өзара іс-қимылын талқылады.

Қазақстан Елшісі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары, оның ішінде ҚР Парламентінің өкілеттіктерін кеңейту және ел өміріндегі саяси партиялардың рөлін арттыру туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Өз кезегінде аустриялық парламентшілер Орталық Азия елдерімен парламентаралық диалогты жандандыруға, оның ішінде депутаттық «достық топтарының» өзара сапарларымен алмасу жолымен мүдделілігін растады.

Сондай-ақ, сұхбаттасушылар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Парламентаралық ынтымақтастықты ілгерілету үшін тұрақты кездесулерді қолдауға келісті.

Өзгелердің жаңалығы