Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев аурухана жұмысшысының өліміне қатысты түсіндіріп өтті.
Оның айтуынша, осы жылдың 16 мамыры күні №12 аурухананың шаруашылық жөніндегі маманы Қалалық жұқпалы аурулар емханасында көз жұмған.
Науқасқа емдеу хаттамасына сай емдік шаралар толығымен жасалды. Ол кісінің бойында өзге де қосарлы аурулары бар болды. Науқастың неліктен қайтыс болғанын арнайы құрылған комиссия қарады. Оның қорытындысы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілді. Денсаулық сақтау саласындағы емдік профилактикалық ұйымдастыру департаментінің тарапынан қорытынды шешім қабылданғаннан кейін ғана негізгі себебі анықталады, - деді басқарма басшысы.
Айта кетсек, 16 мамыр күні Орталық қалалық ауруханада лифтер болып жұмыс істеген А. есімді әйелдің көз жұмғанын хабарлағанбыз. Одан коронавирус инфекциясы анықталып, 16 сәуірден бері ем қабылдаған.