«Әулиета жастары». Жамбылда жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы ашылады

24 Маусым 2022, 09:42
1795
Бөлісу:
«Әулиета жастары». Жамбылда жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  айтты. 

Облыста жаңа бастама ретінде Жамбыл облысының жастарына жеңілдікпен несие беруге арналған «Әулиеата жастары» бағдарламасын биылғы шілдеде қосуды жоспарлап отырмыз. Жоба өңір жастарын қолжетімді тұрғын үй мен жас отбасыларға қолдау ретінде дайындалды. Бағдарламаны әзірлеуде облыстың ерекшеліктері ескеріліп, елорда мен Алматыдағы оң нәтижелердің тәжірибесі қолданылды, - деді ол.

Үйсімбаев атағандай, бұған дейін облыста жастар мен жас отбасыларға арналған бағдарлама болмаған. 

Қолданыстағы бағдарлама аясында азаматтарға ипотекалық тұрғын үйдің әртүрлі құралдары қарастырылған. Жалпы облыста тұрғын үй алуға 7140, жер телемін алуға 10787 жас бар. Былтыр ипотекалық несие рәсімдеген 318 клиент болған. Бағдарламаға ергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлінді. «Бәйтерек» холдингі қолдау көрсетті. Жастарға берілетін несие көлемі 13 млн теңгені құрайды, несие беру уақыты 19 жылға тең, - деді Үйсімбаев. 

Ол атағандай, 35 жасқа дейінгі азаматтар қатысады.

Негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптылардың тек біреуі ғана қатыса алады, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы