Әулиекөлде өртенген орманға отырғызылған көшеттер қурап жатыр

25 Маусым 2023, 13:42
564
Бөлісу:
Әулиекөлде өртенген орманға отырғызылған көшеттер қурап жатыр
PHOTO
Фото: Карагандинские новости

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында былтыр өртенген орманның орнына отырғызылған қарағайлар сарғайып, тікендері түсіп жатыр. Себебі белгісіз, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Карагандинские новости мәлімдейді.

Еске сала кетсек, өртенген 31,5 гектар орманға 25 мың көшет отырғызылған еді. Орманшылар олардың кебуінің себебі неде екенін айта алмады.

Әулиекөлде өртенген орманға отырғызылған көшеттер қурап жатыр

Қазір «Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығына» хат дайындап жатырмыз. Қарағайлардың қандай себеппен қурап жатқанын анықтау керек. Стандартты түрде көшеттерді түгендеу күзде іске асады, – деді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Рүстем Қаркенов.

Өзгелердің жаңалығы