Әулиекөлде 280 орындық балабақша ашылды

23 Қазан 2024, 15:06
1814
Бөлісу:
Әулиекөлде 280 орындық балабақша ашылды
Фото: «Halyk» қоры

Әулиекөлде «Halyk» қорының қолдауымен 280 орындық балабақша ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай облысы Әулиекөл ауданында салынған үш қабатты, төрт мың шаршы метрден асатын жаңа балабақша балаларға қажетті барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ол “Halyk” қайырымдылық қорының қолдауымен тұрғызылды. Бұл білім беру мекемесінің ашылуы Әулиекөл ауданы тұрғындары үшін маңызды оқиғаға айналды.

Жаңа балабақшаның ашылуы – аудан мен облыстың дамуына қосылған үлкен үлес. Балаларғасапалы білім беру ортасын құру біздің бастыміндетіміз. Бірлескен күш-жігер арқылы бізөңірдегі өмір сапасын арттырудыжалғастырамыз. Бұл жоба мемлекет, бизнес жәнеқоғамның тиімді ынтымақтастығының айқынмысалы, – деді Қостанай облысының әкімі ҚұмарАқсақалов балабақшаның ашылу салтанатында.

Тимур және Динара Құлыбаевтардыңжетекшілігіндегі «Halyk» қоры балабақшаның құрылысы мен жабдықталуына 1,3 миллиард теңге бөлді. Қор бұған дейін де өңірдің дамуына үлес қосып келген болатын. 2024 жылы су тасқынының зардаптарынжоюға 100 миллион теңге бөлген.

Біз әлеуметтік мәселелерді шешуге, әсіресе табиғи апат болған өңірлерді қалпына келтіружұмыстарына барынша қолдау көрсетудімаңызды деп санаймыз. Балабақша салу жай ғана көмек емес, бұл өңірдің болашағына ұзақ мерзімді инвестиция. Біз қиын кезде нақты қолдау көрсетіп, Қостанай облысына оң өзгерістер енгізе алатынымызды мақтан тұтамыз, - деді «Halyk» қорының басқарушы директоры Нариман Әбілшайықов.

Балабақша сәулеті функционалдылық пен эстетиканы үйлесімді біріктірсе, экологиялық таза және берік материалдарды қолдану ғимараттың сапасы мен ұзақмерзімділігін қамтамасыз етеді. Бұл жоба 280 балаға жоғары стандарттарға сәйкес келетін жайлы және қауіпсіз ортада сапалы мектепке дейінгі білім алуға мүмкіндік береді.

Жоба мемлекет, бизнес және қоғамның табысты ынтымақтастығының үлгісі бола отырып, балаларды тәрбиелеу және өмір сүруге қолайлы жағдай жасау мақсатындағы бірлескен күш-жігердің жемісін көрсетеді.

Негізгі ақпарат:
Бұл жоба “Halyk” қайырымдылық қорының еліміздің барлық өңіріндегі әлеуметтік мәселелерді дамытуға арналған бастамаларының бірі. 2016 жылы Тимур және Динара Құлыбаевтардыңжетекшілігімен құрылғанқоры 120-дан астам әлеуметтік жобаны іске асырып, 85 миллиард теңгеге көмек көрсетті. Қор білім беру, спорт және әлеуметтік инфрақұрылым салаларындағы бастамаларды белсенді түрде қолдайды, сондай-ақ табиғи апаттар кезінде көмек көрсетіп келеді.

Өзгелердің жаңалығы