Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ауғанстанға көмекке барған қазақстандық дәрігерлер елге оралды

24 Қараша 2025, 13:39
1084
Бөлісу:
 Артём Чурсинов
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетуге барған қазақстандық дәрігерлер елге оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Гуманитарлық миссияны сәтті аяқтаған дәрігерлер қауымын Астана әуежайынан министрлік өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылық қошаметпен қарсы алды.

Ауғанстанға көмекке барған қазақстандық дәрігерлер елге оралды

Магнитудасы 6,3 болған жер сілкінісінен кейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстанға гуманитарлық көмегіміз бен тәжірибелі дәрігерлерден құралған арнайы бригада жөнелтілген еді.

Ауғанстанға көмекке барған қазақстандық дәрігерлер елге оралды

Бұл топқа еліміздің алдыңғы қатарлы медициналық ұйымдарының мамандары кірді. Көптеген жарақатпен, политравмалармен және шұғыл жағдайлармен жұмыс істеуде тәжірибесі мол дәрігерлер бар.

Ауғанстанға көмекке барған қазақстандық дәрігерлер елге оралды

Атап айтқанда, академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының, Ұлттық нейрохирургия орталығының және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының білікті қызметкерлері гуманитарлық миссияға атсалысты. Дәрігерлердің Ауғанстандағы гуманитарлық миссиясы 10 күнге созылды.

Ауғанстанға көмекке барған қазақстандық дәрігерлер елге оралды

Қазақстан Ауғанстанға көмекті гуманитарлық қолдау ретінде жібергені белгілі болды.

Ауғанстанға көмекке барған қазақстандық дәрігерлер елге оралды

Қауіпсіздікке байланысты бұл сапарда тек ер дәрігерлерді жіберуге тура келді. Бірақ келесі миссия қажет болса, құрамды кеңейту мәселесін де қарастырамыз. Жалпы, біздің көрсетіп отырған көмегіміз – жүйелі түрде жалғасып келе жатқан гуманитарлық қолдау. Ауған халқына жасаған көмегіміз қайтарымсыз. Өйткені Ауғанстандағы қауіпсіздік – Қазақстанның да қауіпсіздігі. Сол себепті біз бұл елді ресми түрде мойындамағанымызбен, экономикалық және транзиттік бағыттарда ынтымақтастық жүргізіп келеміз. Қазір де өте күрделі жағдайда қалған ауған халқына қолдау көрсетіп отырмыз. Гуманитарлық көмектің құрамында үлкен он адамдық шатырлар, ұн, азық-түлік болған еді. Бұл жолы дәрігерлермен бірге дәрі-дәрмек те жібердік, - дейді Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Еркін Тұқымов.

Ауғанстанға көмекке барған қазақстандық дәрігерлер елге оралды

Аталған елге көмек қолын созуға қазақстандық дәрігерлер бірінші рет жіберіліп отыр.

Ауғанстанға көмекке барған қазақстандық дәрігерлер елге оралды

50 жылдан астам уақыт соғыс болып жатқан елде медициналық жағдайдың мәз емесі анық. Мысалы, қарапайым медициналық жабдықтар жоқ. Жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарға медициналық көмек көрсеттік. Күн сайын 50-ден астам науқас түсетін. Жалпы, біздің топ 40-тан астам ота жасады, - деп бөлісті академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының директоры Олжас Бекарысов.

Миссия барысында қазақстандық дәрігерлер тек жергілікті ауруханаларда жарақат алғандарға медициналық көмек көрсетіп қана қойған жоқ.

Ауғанстанға көмекке барған қазақстандық дәрігерлер елге оралды

 Олар Қазақстан Республикасының елшілігімен бірлесіп, Иран мен Пәкістаннан қайта оралған ауған отбасылары орналасқан лагерьге де алғаш рет ат басын бұрған. Бұған дейін бұл орынға шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің ешқайсысы кірмеген, сондықтан сапар айрықша маңызға ие болды.

Ауғанстанға көмекке барған қазақстандық дәрігерлер елге оралды

Біз шамамен 43–44 операция жасадық. Тікелей өзіміз, травматологтар мен ортопедтер 23 операция жасадық. Оның ішінде 19-ы өте күрделі жағдайлар болды. Барлығы сол көмек көрсетуге қажетті жағдайлардың жоқтығынан қиындай түседі. Соған қарамастан, біздің ауған әріптестеріміз қайсар, жігерлі екенін атап өткім келеді. Қолынан келгенін істеп жатыр. Біз оларға аз шығынмен өте ауыр операцияларды жасауға мүмкіндік беретін кейбір әдістерді үйреттік. Лагерьге де барып көмек көрсеттік, - деді жоғары білікті травматолог-ортопед дәрігер Руслан Әбілев.

Ауғанстанға көмекке барған қазақстандық дәрігерлер елге оралды

Лагерьге барудағы басты мақсат – ондағы азаматтардың нақты қандай көмекке мұқтаж екенін анықтап, оларға қажетті медициналық қолдауды жоспарлау. Қазақстаннан барған медициналық топ алдын ала қажетті дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтардың тізімін жасап, алғашқы консультация өткізіп, жаңа келген отбасыларға көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Ауғанстанға көмекке барған қазақстандық дәрігерлер елге оралды

Сапарымыздағы басты міндетімізді 100% орындадық деп ойлаймын. Сол жақтағы ауруханалардың жағдайы мен мамандарына қарап, қолымыздан келген көмекті беруге тырыстық. Біз оларға беріп қана қоймай, олардан да өзіміз қажетті тәжірибені алдық деп айта аламын. Ол жақтағы дәрігерлер қолдарынан келгенше адамдарға көмектесіп жатқанының куәсі болдық. Әріптестеріміздің біліктіліктеріне ешқандай күмәніміз жоқ, тек барлығы экономикалық жағдайға тіреліп тұр. Соғыс жағдайында жұмыс істеу оңай емес, - деп атап өтті Ұлттық нейрохирургия орталығының нейрохирург дәрігер Нұрәли Әшіров.

Ауғанстанға көмекке барған қазақстандық дәрігерлер елге оралды

Дәрігерлер бұл сапарды көпке дейін ұмытпаймыз деп отыр. Гуманитарлық миссияның қатысушылары бұл сапар бізге жайдан-жай берілген сынақ емес деп атады.

Өзгелердің жаңалығы