Ауғанстанда мешітте жарылыс болып, 25 адам опат болды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстанның Кандагар қаласындағы мешітте жарылыс болды.</h4>

 15 Қазан 2021 2021, 17:22
15 Қазан 2021 2021, 17:22
9320

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстанның Кандагар қаласындағы мешітте жарылыс болды.

Салдарынан кемінде 25 адам мерт болып, 20-дан астам адам жарақаттанды. Бұл туралы РИА Новости жергілікті ауруханадағы дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Белгілі болғандай, мешіттегі жарылыс жұма намазы кезінде болған. Жанкешті лаңкес мешітте өзін-өзі жарып жіберген.

Әзірге бұл жарылысты қай ұйым ұйымдастырғаны белгісіз.


Наверх