Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстанның Бағлан провинциясында тәліптерге қарсы күштер қарулы топтармен соғысып, үш ауданды бақылауға алған. Бұл туралы Хабар24 сайты хабарлады.
Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Бірақ әскери қимылдардың қалай жүргізілгені және қанша адамның шығын болғаны жайлы ақпар жоқ.
Кей ресейлік ақпарат құралдары тәліптер айырылып қалған жерлерін қайта қайтарып алғанын жазып жатыр.
Еске сала кетейік, тамыздың 18-і күні осы елдің бұрынғы вице-президенті Амрулла Салех Панджшер провинциясында тәліптерге қарсы күштерді жасақтап жатқаны хабарланған болатын.
Салех сондай-ақ өзін елдің уақытша басшысы деп жариялап, халықты тәліптерге қарсы шығуға шақырған еді.