Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ауғанстанда шенеуніктер отырған тікұшақ апатқа ұшырады

11 Қыркүйек 2025, 05:18
981
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Ауғанстанның тау-кен және мұнай министрі Хедаятулла Бадри мен Гур провинциясының губернаторы Хаятулла Мүбарак отырған тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ Pajhwok агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға Гур провинциясының Тулак ауданына қарасты Налбандан аймағында болған. Агенттіктің мәліметінше, ешкім зардап шеккен жоқ.

Губернатордың өкілінің айтуынша, апатқа техникалық ақау себеп болған. Министр мен губернатор аталған ауданға қорғасын кенішін аралауға барған.

Сонымен қатар, Ауғанстан Қорғаныс министрлігінің өкілі Инаятулла Хаваризми әлеуметтік желілерде тікұшақтың ұшу кезінде тауға соғылғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы