Ауғанстанда паспорт алу тәртібіне жаңа өзгерістер енгізілді. Енді белгілі бір санаттағы азаматтарға құжат беруге тыйым салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Khaama Press таратқан мәліметке сәйкес, Ұлттық паспорт басқармасы енді сотталғандарға, сондай-ақ шетелге шығуына шектеу қойылған азаматтарға құжат бермейді.
Сонымен қатар заңды өкілдері еріп жүрмесе, балаларға және қаржылық міндеттемелерін орындамаған адамдарға құжат берілмейді, – делінген хабарламада.
Бұл дегеніміз, барлық қарызын өтемейінше, құжат алу да, елден шығу да мүмкін болмайды.
Айта кетейік, Ауғанстан азаматтары ел ішінде жеке басын куәландыратын құжат – «тазкираны» (қағаз немесе электронды нұсқада) пайдаланады. Ал шетелге шығу үшін міндетті түрде паспорт қажет.