Ауғанстанда балалар жаппай қызылшамен ауырып жатыр

28 Қараша 2022, 21:11
1050
Бөлісу:
Ауғанстанда балалар жаппай қызылшамен ауырып жатыр

Ауғанстанда соңғы үш айда қызылшадан 11 бала қайтыс болған, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

TOLO News агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, осыған байланысты елде балалар арасында вакцинация басталды. Шалғайдағы ауылдарда тұратындар екпе алу үшін ірі қалаларға әкелінді. 

10 күнге жалғасатын науқан барысында 7 млн-нан астам бала екпемен қамтылады деп жоспарланып отыр. 

Индира Ганди атындағы балалар ауруханасының дәрігерлері соңғы 90 күн ішінде 11 бала қызылшадан көз жұмғанын айтты. 

Вакцинация балалардың 90 пайызын қызылшадан емдей алады. Сондай-ақ ол жұқпалы ауруды жұқтырғандарға да көмектеседі, - дейді мамандар. 

Белгілі болғандай, ауруханаға түскен балалардың 560-ы төсек тартып жатқан. Сол себепті оларды шұғыл емдеуге тура келіпті. 

2021 жылы қазанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) қозғалысының басшылығымен ауғандық балаларды полиемиелитке қарсы вакцинациялау бойынша келіскен болатын.  

Өзгелердің жаңалығы