Ауғанстанда 6,2 баллдық жер сілкінісі тіркелді

Ауғанстандағы Джелалабад қаласының маңында магнитудасы 6,2 балл болатын жер сілкінісі болды.

 freepik 1 Қыркүйек 2025 2025, 01:29
1 Қыркүйек 2025 2025, 01:29
2604
Фото: freepik

Ауғанстандағы Джелалабад қаласының маңында магнитудасы 6,2 балл болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүмпу жергілікті уақытпен 19:17-де, Джелалабадтан солтүстік-шығысқа қарай 57 шақырым жерде тіркелген. Жерасты дүмпуінің ошағы 35 шақырым тереңдікте орналасқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Наверх