Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында қарулы қақтығыстар болды

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында, Дюранд сызығында қарулы қақтығыс жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 12 Қазан 2025 2025, 02:12
12 Қазан 2025 2025, 02:12
899
Фото: pixabay.com

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында, Дюранд сызығында қарулы қақтығыс жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Tolo news агенттігінің жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Талибан күштері мен Пәкістан армиясы арасында Дюранд сызығында ауқымды қарулы қақтығыстар болып жатыр. Атап айтқанда, Кунар, Нангархар және Гильменд провинцияларында оқ пен жарылыс дауыстары естілген.

Бірқатар аудандарда пәкістандық әскерлер позицияларын тастап, шегінуге мәжбүр болғаны хабарланды.

Наверх