Ауғанстан үкіметі шетелдіктерге ел экономикасына инвестиция салу үшін тұруға рұқсат беру бағдарламасын қарастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауғанстан үкіметінің мәліметінше, талқылау 7 ақпанда Ауғанстан Ислам Әмірлігі Министрлер Кеңесі төрағасының экономикалық істер жөніндегі орынбасары Мулла Абдулғани Барадар Ахундтың төрағалығымен өткен экономикалық комиссияның кезекті отырысында өтті.
Шетелдік инвесторларға Ауғанстанда инвестиция алу үшін бір жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге тұруға рұқсат беру мәселесі талқыланды.
Кешенді талқылаудан кейін ұсыныс мақұлданып, тиісті комитетке ұсынылды, оған инвестиция көлеміне қарай тұруға рұқсат беру шарттарын жіктеу тапсырылды, - делінген хабарламада.
Тиісті комитетке мәселенің барлық аспектілерін ескере отырып, экономикалық комиссияның келесі отырысына есеп ұсыну тапсырылды.