Ауғанстан арқылы жүретін темір жол жобасы басталды

20 Шілде 2022, 09:23
1325
Бөлісу:
Ауғанстан арқылы жүретін темір жол жобасы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстан аумағында «Термиз-Пешовар» темір жол қатынасын орнату жөніндегі Өзбекстан, Пәкістан және Ауғанстанның бірлескен жобасының бағыты мен техникалық-экономикалық негіздерін анықтау бойынша экспедиция жұмыстары басталды. 

Бұл туралы ӨзА хабарлады. 

Dunyo ақпарттық агенттігінің мәліметінше, «Термиз – Мазари-Шариф – Кабул – Пешавар» трансауған темір жолы жобасының сметалық құны 5 миллиард долларды құрайды.

 Ұзындығы 600 шақырымдық теміржол Орталық Азия елдеріне Пәкістанның ірі теңіз порттарына жол ашады. Жоба толығымен жүзеге асқан соң Пәкістаннан Өзбекстанға жүк тасымалдау 35 күн емес, 3-5 күнге созылады және бір стандартты жүк контейнерін тасымалдау құны үш есеге жуық төмендейді деп күтілуде. 

Бұл ретте бұл бағыт бойынша жүк тасымалдау көлемі 10 миллион тоннаға жетуі мүмкін.
 

Өзгелердің жаңалығы