Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мысыр, БАӘ, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстаннан 9 халықаралық әуе рейсі келді.
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
1 237 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 152 адам, анықтамасыз 85 адам - ҚР азаматы келді, - делінген хабарламада.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына - 7 рейс, 1 023 жолаушы, анықтамамен - 947, анықтамасыз - 76;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 2 рейс, 214 жолаушы, анықтамамен - 205, анықтамасыз - 9.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 85 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.