Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әуежайдағы шу: "Астана – Ақтөбе" рейсінен қолына кісен салынған ер адамдар түсірілді

18 Қыркүйек 2025, 21:16
889
Бөлісу:
 polisia.kz
Фото: polisia.kz

Астана әуежайында мас күйдегі екі жолаушы "Астана – Ақтөбе" рейсінен кісенделіп түсірілді. Олар экипаж талаптарына бағынбай, тәртіп бұзғаны үшін полицияға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласының 38 және 40 жастағы тұрғындары мас күйінде ұшаққа отырғызу кезінде агрессивті қылық көрсетіп, экипаж талаптарын орындамаған және әуе компания қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан. Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде олар полицияның заңды талабына бағынбай, қарсылық көрсеткен. Сол себепті тәртіп сақшылары оларға қолына кісен салуға мәжбүр болды.

Бұзақыларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша хаттама толтырылды: полиция талабына бағынбау, ұсақ бұзақылық және қоғамдық орында мас күйінде жүру.

Жыл басынан бері көлік полицейлері ұшақ бортында құқықбұзушылық жасаған 447 адамды жауапқа тартқан. Олардың ішінде 270 жолаушы – мас күйінде пайда болғаны үшін, 120 адам – бортта темекі тартқаны үшін, ал 26 жолаушы – ұсақ бұзақылық және ұшу қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпке қатер төндіретін өзге де әрекеттері үшін ұсталған.

Өзгелердің жаңалығы