Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әуежайдағы қауіп дабылы: жолаушылар эвакуацияланды

9 Қыркүйек 2025, 07:47
488
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Лондондағы Хитроу халықаралық әуежайының төртінші терминалы "қауіпті химиялық заттармен байланысты болуы мүмкін оқиғаға" байланысты жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Sky News-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына химиялық қорғаныс мамандары мен арнайы костюм киген өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Терминалға бірнеше жедел жәрдем көлігі келгенімен,  ешкімге медициналық көмек көрсетілгені туралы ақпарат жоқ.

Терминал толықтай эвакуацияланды, алайда әуежай қызметі жағдайға байланысты қосымша түсініктеме бермеді.

Айта кетейік, биыл маусымда да осындай төтенше жағдай орын алған болатын: Израильдің Иранға зымыран соққыларынан кейін Тель-Авив маңындағы Бен Гурион халықаралық әуежайы толығымен эвакуацияланып, елдегі рейстер он күнге тоқтатылған еді.

Өзгелердің жаңалығы