Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Әуеде 8 минут ұшты". Қозғалтқышы істен шыққан ұшақ шұғыл қонды

25 Тамыз 2025, 12:48
1061
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Түркияда қозғалтқыштағы ақауға байланысты ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі TRT Haber-ге сілтеме жасап.

Flynas әуе компаниясының Джиддаға бағыт алған ұшағы қозғалтқыштағы ақауға байланысты Трабзон әуежайына қайта оралған.

Оқиғаны Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрлігі растаған.

Flynas әуе компаниясының Трабзон – Джидда бағыты бойынша ұшқан ұшағында әуеге көтерілгеннен кейін 8 минут өткенде қозғалтқышында ақау байқалған. Соған байланысты 19:49-да (Астана уақытымен 21:49) төтенше жағдай туралы белгі берген, – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, ұшақ №11 ұшу-қону жолағына бағытталып, 20:18-де (Астана уақытымен 22:18) сәтті шұғыл қонған.

Еске салайық, бұған дейін Түркияда әуе компаниясы ұшаққа пауэрбанк әкелуге тыйым салғаны хабарланған.

Өзгелердің жаңалығы