Әуе қорғанысы саласында ережеге өзгерістер енгізілуде

Бүгiн, 14:09
95
Бөлісу:
Әуе қорғанысы саласында ережеге өзгерістер енгізілуде
Фото: Қорғаныс министрлігі

Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 73 қаулысына өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дайындады.

Өзгерістер қағида нормаларын "Құқықтық актілер туралы" және "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңдарға сәйкес келтіру мақсатында енгізіледі. Негізгі түзетулер терминологияны нақтылауға байланысты. Сонымен қатар, мәтін бойынша "ұшқышсыз ұшу аппараттары" ұғымы "ұшқышсыз әуе кемелеріне" ауыстырылды. Бұдан басқа, "Құқықтық актілер туралы" ҚР Заңының талаптарын ескере отырып, заңдарға сілтеме жасау кезінде олардың қабылданған күндері алынып тасталды.

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде ағымдағы жылдың 28 қарашасына дейін сілтеме бойынша танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы