Әуе қорғаныс күштері әуеде шоу жасайды

30 Сәуір 2025, 20:40
850
Бөлісу:
Әуе қорғаныс күштері әуеде шоу жасайды
PHOTO VIDEO
Фото: Арман Мухатов

 

Бүгін 19132 әскери әуе базасының аумағында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге дайындық жасалды. Дайындық барысында өткізілген баспасөз турына BAQ.KZ тілшісі барды.

Әскери шеруге әскери әуе күштерінен, Ұлттық қорғаныс комитетінен және "Қазавиақұтқару" жекеменшік қоғамынан 66 әскери көлік қатысады. Оның сыртында резервтік тікұшақтар мен ұшақтарымыз бар, - деп мәлім етті Әскери әуе күштері қолбасшысының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары Жәнібек Жұмашев.

Әуе қорғаныс күштері әуеде шоу жасайды

 

Әуе қорғаныс күштері әуеде шоу жасайды

 

Әуе қорғаныс күштері әуеде шоу жасайды
Әуе қорғаныс күштері әуеде шоу жасайды
Әуе қорғаныс күштері әуеде шоу жасайды
Әуе қорғаныс күштері әуеде шоу жасайды

Ал Әскери әуе күштері қолбасшысы басқармасының аға инженер-инспекторы Азамат Темірғали болса, әскери шеру өтетін 7 мамыр Отан қорғаушылар күнінің маңызын айтты.

Әуе қорғаныс күштері әуеде шоу жасайды

Біздің шеруге дайындығымыз 1 ай бұрын басталған. Бұл біздің Отанымыз үшін өте маңызды. Әншейін күнтізбедегі күн емес. Отан қорғаушылар күні әрбіріміздің мерекеміз. Ардагерлер, әскери қызметшілер, офицерлер, генералдардың және Отанымызды қорғауға дайындалып жүрген жасөспірімдердің мейрамы деп ойлаймын, - деді Әскери әуе күштері қолбасшысы басқармасының аға инженер-инспекторы Азамат Темірғали.

Әуе қорғаныс күштері әуеде шоу жасайды
Әуе қорғаныс күштері әуеде шоу жасайды
Әуе қорғаныс күштері әуеде шоу жасайды
Әуе қорғаныс күштері әуеде шоу жасайды

 

Бүгін әскери шеруге әуе техникасын дайындау мақсатындағы алтыншы жаттығу өтті. Майор, Ми-17 тікұшағының командирі Еркебұлан Қалиақпаров 7 мамырға дейін тағы үш дайындық жүргізілетінін жеткізді.

Әуе қорғаныс күштері әуеде шоу жасайды

Сондай-ақ командирден өзі басқаратын ұшақтың экипаж мүшелері қандай міндет атқаратынын сұрадық.

Әуе қорғаныс күштері әуеде шоу жасайды

 

Экипаж құрамы 3 адамнан тұрады. Экипаж командирі, ұшқыш-штурман, борттық техник. Экипаж командирінің міндеті тікұшақты басқару, ұшқыш-штурмандікі баратын жерімізге уақытымен, орнымен шығару, борттық техник тікұшақтың жұмыс істеуін бақылайды, - деп жауап берді ол.

Әуе қорғаныс күштері әуеде шоу жасайды
Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы