АҚШ-тың Индиана штатындағы Ньюбург қаласында орналасқан химия зауытында жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ 14News телеарнасына сілтеме жасап.
Жарылыс 5 қыркүйек күні түстен кейін, жергілікті уақытпен сағат 14:42-де тіркелген. Оқиға салдарынан зауыт ғимаратында өрт шығып, ауаға қауіпті химиялық заттар таралған.
Билік маңайдағы тұрғындардан үй-жайларынан шықпауға, терезелерді жабуға және кәсіпорынға жақындамауға кеңес берді. Зауыт маңындағы жол көлік қозғалысы үшін жабылды. Оқиға орнына қауіпті заттармен жұмыс істейтін арнайы мамандар мен бірнеше өрт сөндіру бригадалары жіберілді.
Айта кетейік, шілде айында Нидерландының Боркуло қаласында FrieslandCampina зауытында да ұқсас төтенше жағдай болған еді. Жүк көлігінің ішінде азот пен тұз қышқылының әрекеттесуінен жарылыс болып, ауаға улы бұлт тараған.