Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

10 Қаңтар 2019 2019, 08:35
 10 Қаңтар 2019 2019, 08:35
10 Қаңтар 2019 2019, 08:35
1605

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары бейсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.


"2019 жылғы 10 қаңтарда Астана, Ақтөбе, Шымкент, Теміртау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - деп жазылған ведомствоның ресми сайтында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Наверх